E-Salyq Business қосымшасы екінші тоқсанда іске қосылады

1281

Кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың  жеке-жеке салық қосымшалары болады.

E-Salyq Business қосымшасы екінші тоқсанда іске қосылады Фото: inform.kz

Бұдан былай кәсіп ашып, бизнесін дөңгелеткісі келген азаматтар оны салық органдарына тіркеу үшін үйінен шықпай-ақ, E-Salyq-business қосымшасы арқылы жұмысын бітіре алады, - деп хабарлайды inbusiness.kz. Бизнесін тоқтатып немесе жапқысы келгендер де осы қосымша арқылы шаруасын реттеуге болады. Бүгінге дейін салық төлеу, тиісті төлемдерді есептеу және декларация тапсыру сияқты қызметтер электронды алаңға көшкенімен, әр қызмет түрлі платформада жүзеге асатын. E-Salyq-business қосымшасы осы қызметтердің бәрінің басын біріктіріп, смартфон арқылы ғана іске асыруға мүмкіндік бермек. Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев аталмыш құралдың қашан іске қосылатынын айтты. 

"Расымен де Қаржы министрі E-Salyq-business қосымшасы іске қосылатынын хабарлаған болатын. Қазір осы қосымшаны дайындап жатырмыз. Бұл қосымша да шағын бизнес өкілдеріне қызметтердің толық топтамасын ұсынады. Кәсіпкерлік нысанын тіркеуден бастап жабуға дейінгі қызметтердің бәрі бар. Қандайда бір анықтамалар алу, артық төлемді қайтару, бір шоттан басқа шотқа аудару сияқты қызметтер де қарастырылған. Салық төлеушілер шатаспауы үшін оны E-Salyq Azamat қосымшасына қабаттастырмай, жеке қосымша етіп жасап жатырмыз. Яғни, бизнесмендер өз қосымшасымен, жеке тұлғалар өз қосымшасымен жұмыс істейді. Оны осы жылдың екінші тоқсанының басына қарай іске қосуды жоспарлағанбыз", деді комитет өкілі.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу