Е. Тоғжанов елордадағы қызметін қайта бастаған бірқатар нысанды аралады

493

Тексеру Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында, "Эталон" сауда-құрылыс базарында және Нұр-Сұлтан қаласының орталық базарында жүргізілді.  

Е. Тоғжанов елордадағы қызметін қайта бастаған бірқатар нысанды аралады

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдерімен қатаң карантиндік шектеу шараларын жеңілдетудің бірінші кезеңі аясында өз қызметін қайта бастаған бірқатар нысанның санитарлық-эпидемиологиялық және термометрия талаптарының сақталу барысын тексерді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Сауда нысандарын аралау барысында кәсіпкерлер сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін, ал базарлардың жұмыс режимін сағат 20:00-ге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру жөнінде бастама көтерді.

Е. Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-та сауда нысандарының жұмыс уақытын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын шығаруды тапсырды.

Елордалық нысандарды аралау қорытындысы бойынша Е. Тоғжанов кәсіпкерлерді сауда нысандарындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ азаматтарды өздерінің және жақындарының денсаулығына мұқият болуға шақырды.

Өз кезегінде, кәсіпкерлер ҚР Үкіметіне бизнеске қолдау көрсеткені және қамқорлығы үшін алғыс айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу