"е-ТРМК" техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі іске қосылды

719

Жүйеге 473-тен астам ұйым тіркелген.  

"е-ТРМК" техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі іске қосылды Фото: gov.kz

Қазақстанда "е-ТРМК" техникалық реттеудің мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 9 қаңтарынан бастап аккредиттеу рәсімдері бойынша өтінімдердің барлық түрі аталған ақпараттық жүйеде қаралады.

"е-ТРМК" ақпараттық жүйесінде техникалық реттеудің барлық тізілімі шоғырланған. Атап айтқанда, берілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялар тізілімі, сертификаттау және сынақ зертханалары органдарының тізілімі, қауіпті өнімдер бойынша тізілім, өлшеу құралдары бойынша тізілім және т.б. Бүгінде жүйеге 473-тен астам ұйым (сертификаттау органдары мен зертханалар) тіркелді. 180 құрылымдық бөлімше қосылып, 1445 есептік жазба құрылған. Өнеркәсіптік пайдалануға беру аяқталғаннан кейін "е-ТРМК" техникалық реттеудің бірыңғай цифрлық алаңы аясында "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесімен интеграцияланады", - делінген хабарламада. 

Комитет таратқан ақпаратқа сәйкес, бұдан бөлек "е-ТРМК"-ны "Астана-1" кеден жүйесімен интеграциялау мәселесі де пысықталып жатыр. 

"Бұл шетелдік тауарларды елге әкелу сатысында кедендік тазарту шеңберінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттарға сараптама жүргізудің дербестігін және жеделдігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді техникалық реттеу және метрология комитеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу