"Е-tutynushy" жүйесін ақпараттық жүйелермен интеграциялау қажет

640

Сауда және интеграция министрлігі интернет-сауда саласында тұтынушылар құқығының бұзылуына жол бермеу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, жыл соңына дейін электронды сауда сегментінде құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге тиіс. Үкімет басшысы Асқар Мамин Бақыт Сұлтанов басқаратын министрлікке осындай міндет жүктеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Е-tutynushy" жүйесін ақпараттық жүйелермен интеграциялау қажет

"Азаматтардың өтініштерін жүйеге келтіру және мемлекеттік органдар тарапынан жедел ден қою үшін "Е-tutynushy" жүйесін бірқатар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау қажет", – деді премьер-министр. 

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, бұл міндетті 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында орындау керек.

"Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау және қаржылық сауаттылық мәселесінде әлеуметтік бағдарлану бар. Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Сауда министрлігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, аталған тақырып бойынша халықты ақпараттандыру жұмысын күшейткені жөн. Мәселені 2022 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясат шеңберінде пысықтау керек", – деді премьер-министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу