Е-визаның пилоттық жобасы биыл іске қосылады

695

Шетелдіктер еліміздің шекарасын кесіп өткенде, электрондық визаны Астана және Алматы қалаларының әуежайлары арқылы рәсімдейді. 

Е-визаның пилоттық жобасы биыл іске қосылады

Е-визаның пилоттық жобасы 2018 жылы іске қосылады. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір өтініштің электронды нұсқасын жасау және бір реттік, яғни іскерлік, туристік немесе емделуге арналған электрондық виза беру мәселесі қарастырылуда.

Алғашқы кезеңде шетелдіктер Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткенде электрондық визаны Астана және Алматы қалаларының әуежайлары арқылы рәсімдейтіні белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу