"E- Zannama" кәсіпкерлер құқығын қорғауға көмектеседі

1044

Сервистік бағдарламаға бюджеттен жылына 35 млн теңге, алдағы үш жылға 105 млн теңге бөлінеді.

"E- Zannama" кәсіпкерлер құқығын қорғауға көмектеседі

"E- Zannama" қосымшасы кәсіпкерлердің құқығын қорғауға мүмкіндік туғызбақ. Бұл жайында әділет министрлігіндегілер хабарлады.

Айтуларынша, қосымша мемлекеттік органдар мен қатар "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының назарына ұсынылған.  Әзірге ақпараттық порталға тек мемлекеттік қызметшілер кіре алады. 

Мұнда дайындалып жатқан заңнамалық өзгертулер мен толықтырулардың электрондық нұсқасы қарастырылған. Сервистік бағдарламаға бюджеттен жылына 35 млн теңге, алдағы үш жылға 105 млн теңге бөлінеді. Жобаның енгізілуі  2021 жылы толықтай аяқталады. Осы аралықта оған деген қызығушылық артып, жұмысы нәтиже беріп жатса, мобильді қосымшасы да шығуы мүмкін.

"Аталмыш жүйеде дайындалып жатқан заңнамалық өзгертулер мен толықтырулар мемлекеттік органдар мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аккредиттелген бизнес нысандардың назарына ұсынылады. Олар өз кезегінде заң жобаларына қатысты  кәсіпкерлерге ыңғайлы ұсыныстар мен ескертулер жасау мүмкіндігіне ие болады",­ – дейді ҚР әділет министрлігінің заңнама департаменті директорының орынбасары Алма Мұқанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу