Елбасы бірқатар заңға қол қойды

735

Заң Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы адамдардың реадмиссиясына, азаматтардың ел аумағында болу тәртібіне қатысты. 

Елбасы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға да қол қойылды.

Сондай-ақ елбасы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға және "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу