ЕАДБ Қарағанды облысында полиметал кенін өндіру жобасын қаржыландырады

1087

ЕАДБ Қарағанды облысында полиметал кенін өндіру жобасын қаржыландырады

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) және "СП "Алайғыр" ЖШС Қарағанды облысында құны 56 млн доллар болатын Алайғыр полиметалл кен орнын өндіру және өңдеу жобасын қаржыландыру туралы несие шартына қол қойды, деп хабарлады strategy2050.kz.

Шартқа сәйкес, Еуразиялық даму банкі 7 жыл мерзіміне 56 млн АҚШ доллары көлемінде қарыз береді.

"Алайғыр" жобасы ЕАДБ-ға қатысушы елдердің аумағында экспортқа бағдарланған жаңа заманауи өндірістерді қаржыландыру бойынша банк стратегиясының жалғасы болып табылады. Жобаның ресурстық базасы Қазақстанның тау-кен өнеркәсібін әртараптандыруға ықпал етеді. Сондай-ақ біз банктің "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясымен ынтымақтастығының жалғасатынына қуаныштымыз, оның арқасында жүздеген жұмыс орны ашылып, өңірлердің экономикасы дамып келеді", – деп хабарлады ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары Максим Коржов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу