ЕАДБ KASE-де 20 миллиард теңге болатын облигацияларын орналастырды

626

Өткен жылы банк KASE-де жалпы сомасы 90 млрд теңге болатын облигацияларын орналастырған еді.       

ЕАДБ KASE-де 20 миллиард теңге болатын облигацияларын орналастырды

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстандық қор биржасында (KASE) көлемі 20 млрд теңге болатын облигациялардың жаңа шығарылымын орналастырды, деп хабарлайды ЕАДБ баспасөз қызметі. 

"Биылғы жылдың ақпан айында банк Қазақстандағы ықтимал инвесторлармен бірқатар келіссөз бен кездесу өткізген болатын, соның қорытындысы бойынша биылғы жылы өздерінің алғашқы облигацияларын орналастыруға  шешім қабылдады. Айналымы мерзімі 3 жылды құрайтын орналастарылған облигациялардың жалпы номиналдық көлемі  – 20 млрд теңге, сатып алушылардың өтінімі орындалған купонның мөлшері жылдық 9,7%-ды құрады", – деп отыр баспасөз қызметі. 

Облигациялар қазіргі банктік рейтингтің деңгейінде халықаралық кредиттік рейтингке ие болды,  яғни Moody’s рейтингтік агенттігі  Baa1 тағайындады. Сауда барысында инвесторлардан жалпы көлемі 25 млрд теңгені құрайтын 8 өтінім түсті. Қаржылық кеңесші және андеррайтер "Қазкоммерц Секьюритиз" АҚ болды.

"Банктің Қазақстан нарығында биылғы жылы облигацияларды бірінші орналастыруының нәтижесі Қазақстанның қор нарығы компаниялар мен ұйымдар үшін қажет кредиттік сападағы теңгелік ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ететінін көрсетеді", – деді ЕАБД-ның активтер мен пассивтер жөніндегі басқарушы директоры  Дмитрий Ладиков-Роев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылы ЕАДБ  KASE-де жалпы сомасы 90 млрд теңге болатын облигацияларды орналастырған.       

Айта кетсек, ЕАДБ – халықаралық қаржы ұйымы, оның акционерлері Ресей, Қазақстан (құрылтайшылар ретінде), Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан (қатысушылар ретінде) болып табылады. Банктің штаб-пәтері Алматыда орналасқан.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу