ЕАДБ KASE-де құнды қағаздар мен туынды қаржы құралдары саудасына қатысуға рұқсат алды

1367

ЕАДБ KASE-де құнды қағаздар мен туынды қаржы құралдары саудасына қатысуға рұқсат алды

Қазақстан қор биржасының (KASE) 2017 жылғы 10 ақпандағы шешімімен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) KASE-де құнды қағаздар және туынды қаржы құралдары саудасына қатысуға рұқсат етілді, деп хабарлады ЕАДБ.

"Қор категориясының және деривативтер категориясына қатысушы мәртебесін алған ЕАДБ РЕПО нарығына белсене араласып, құнды қағаздар нарығында, және сұраныс болған жағдай доллар/теңге жұбына фьючерстер құралы бойынша деривативтер нарығында өтімділікті арттыруды көздейді", – делінген хабарламада.
ЕАДБ – Ресей және Қазақстан бірлесіп құрған халықаралық қаржы ұйымы. Ол 2006 жылы қаңтарда қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамыту, олардың тұрақты экономикалық өсуі мен өзара сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту мақсатында құрылған. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан банктің акционерлері болып табылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу