ЕАДБ Қазақстан тұрғын үй компаниясымен 3,5 миллиард Ресей рубліне несиелік келісім жасады

937

Еуразиялық даму банкі Қазақстан тұрғын үй компаниясымен 3,5 миллиард ресей рубліне несиелік келісім жасады, деп хабарлайды Аtameken Business.  

ЕАДБ Қазақстан тұрғын үй компаниясымен 3,5 миллиард Ресей рубліне несиелік келісім жасады

Бұл ақша халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге жұмсалады.  Әсіресе, бағдарламаны қаржыландыру тұрғын үй құрылысына жаңа серпін береді дейді мамандар. Былтырғы жылы пандемияға қарамастан, тұрғын үй өсімі 11,2% деңгейінде тіркелді. Пайдалануға берілген баспана көлемі 17 пайызға ұлғайып, 15,3 млн шаршы метрді құрады. Ал биыл тағы 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр, оған бөлінетін инвестиция көлемі шамамен 2,2 трлн теңгеге тең. Осылайша, тартылған нарықтық қорлар есебінен жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын өтеу көлемі орта есеппен 61,5 млрд теңгеге артады. Ал қол жетімді тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 340 мың шаршы метрге ұлғаймақ. Бұл дегеніміз, жылына – шамамен 5,6 мың жаңа пәтер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу