ЕАДБ-ның жаңа стратегиясы талқыланды

807

Электрондық сауда тауарларын бажсыз әкелу шегін төмендету мәселелері ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтегі жұмыс отырысы барысында талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

ЕАДБ-ның жаңа стратегиясы талқыланды

Отырысқа ЕЭК Алқасының мүшесі (министр) Андрей Слепнев және ҚР қаржы, сауда және интеграция вице-министрлері қатысты.

ЕАЭО-ға мүше елдер пилоттық жоба шеңберінде электрондық сауда операторлары институтын енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Оның қызметі төлемдердің өтуін жеңілдетуге және барлық кедендік операцияларды жүргізуге, сондай-ақ тауар алушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталатын болады. Атап айтқанда, уәкілетті операторлар тауарларды дербес декларациялайды және сатып алушы үшін кедендік төлемдер төлейді деп болжануда. Бұл пилоттық жобаны енгізу кедендік әкімшілендіруді жеделдетуге және электрондық коммерция процедураларын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаны әр қатысушы елдің техникалық дайындығын ескере отырып, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 2022 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Ә. Смайылов пилотты іске қосу үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізуді, атап айтқанда, МКК жүйелерін, пошта операторларын, ЕАДБ, жедел тасымалдаушыларды интеграциялауды, сондай-ақ тиісті заңнамалық өзгерістерді енгізуді тапсырды. 

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті.

Кездесуге қатысушылар ЕАДБ-нің 2022-2026 жылдарға арналған жаңа стратегиясын талқылады. Стратегия көлік дәліздерін дамыту, ЕАЭО-ның азық-түлік егемендігін қамтамасыз ету, су-энергетикалық баланстың теңгерімді моделін қалыптастыру, ЕАЭО цифрлық трансформациясы сияқты трансшекаралық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Сондай-ақ, банк қызметтер мен цифрлық өнімдердің сыртқы тұтынушыларымен жұмыс жасау кезінде шешім қабылдауды жеделдету мақсатында Цифрлық бастамалар қорының жобаларын басқару үшін цифрлық холдинг құруда.

Кездесу қорытындысы бойынша Ә. Смайылов банктің ұсыныстары бойынша шешім қабылдау үшін барлық жұмыс материалдарын зерделеуді тапсырды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу