2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ "Астана-1" ақпараттық жүйесі іске қосалады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Кеден елдеріне мүше мемлекеттердің 23-ші отырысында айтылды. Аталған жүйе биылғы 1 шілдеден бастап енгізілуі тиіс еді. Алайда, кедендік кодекстің қабылдануының кешеуілдеуіне байланысты кейінге қалдырылған. Мамандардың айтуынша, Астана-1 ақпараттық жүйесі шегарадағы барлық құжаттық мәліметтер тіркелетін ортақ дерекор болмақ. Мұнда тауар және оның тасымалдаушысы туралы толық ақпарат сақталады. Сондай-ақ, бұл жүйе саладағы адам факторын төмендетіп, жемқорлықты азайтады. Салықтық ашықтықты қамтамасыз етеді.
Ардақ Теңгебаев, ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:
"Қазір әр сала әр түрлі жүйеде, импорт басқа экспорт басқа, бұлсолардың бәрін бір ізге түсіріп реттейді. Импорт және экспорқа көмегі тиеді."