ЕАЭО аумағына үшінші елдерден көлік әкелу мерзімі ұзартылды

1494

Жеке пайдалануға арналған автомобильдерді уақытша әкелген азаматтар осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін оларды ЕАЭО аумағынан алып шығу міндетінен босатылды. 

ЕАЭО аумағына үшінші елдерден көлік әкелу мерзімі ұзартылды

Үшінші елдерден уақытша әкелінген автокөліктердің ЕАЭО аумағында болу мерзімі 30 қыркүйекке дейін ұзарды, деп хабарлайды inbusiness.kz  ЕЭК-тің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесі осы жылдың 5 сәуірінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдары бойынша уақытша әкелу мерзімін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады", – деп жазылды хабарламада. 

"Шешім короновирус инфекциясының таралуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған шараларды қабылдауға және жеке тұлғалар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес міндеттерді орындау мүмкін еместігіне байланысты қабылданды", - деп жазылды хабарламада.

Сондай-ақ бұл шешім COVID-19 пандемиясы кезіндегі жұмыс туралы кеден әкімшіліктері үшін жарияланған Дүниежүзілік кеден ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді.

"Шешім ЕАЭО Кеден кодексіне сәйкес үшінші елдерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақ аумағына уақытша әкелуге 1 жылдан аспайтын мерзімге ғана рұқсат берілетініне байланысты қабылданды", – деп атап өтті Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу