ЕАЭО аумағынан сирек кездесетін теңіз жануарларын әкетуге тыйым салынбақ

508

Тиісті өзгерістер ЕЭК алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілген.

ЕАЭО аумағынан сирек кездесетін теңіз жануарларын әкетуге тыйым салынбақ Фото: Birmiss.com

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан киттәрізділер отряды сүтқоректілерінің бірқатар түрін әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz ЕЭК сайтына сілтеме жасап. 

"Комиссия түрлі сын-тегеуріндерге жедел ден қояды. Бұдан бөлек ЕАЭО елдерінде қоршаған ортаны қорғауға және сирек кездесетін жануарлар түрлерінің популяциясын сақтау мақсатында қадамдар жасайды. Бұл жағдайда кит, дельфин және теңіз шошқалары туралы сөз болып отыр", - деді ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Вагн Казарян.

Оның сөзінше, бүгінде киттәрізділерді әкету одаққа мүше елдің уәкілетті органы беретін рұқсат (сертификат) негізінде жүзеге асырылады. Дегенмен қолданыстағы тәртіп жануарлар әлемінің бұл түрлерін сақтауға бақылауды толық қамтуға мүмкіндік бермей отыр.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу