Еуразиялық экономикалық одақ аумағында 70 млн доллардың 50 млн дана бұйымы контрафактілі екені анықталған. Бұл туралы одақтың экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.
Оның пайымдауынша кедендік органдарда тәркіленген аталған тауарлар фактісі 2015-2016 жылдарға келеді екен. Сондай-ақ, бәсекелестіктегі ортақ талаптардың бұзылуы қиындық келтіруде.
Мәселен, антимонополиялық заң бойынша Қазақстан мен Беларусь тасымалдаушыларынан төлем алынған да, Ресей саудагерлерінен алынбаған. Ал комиссияда одаққа кірмейтін елдерді жіті тексеруге өкілеттік жоқ көрінеді. Бұл алыс-берістің ашықтығына кері әсер етеінін сарапшылар жасырмады.
Айта кетейік, Еуразиялық одақ аясындағы жалпы тауар айналымы 2 трлн долларға жеткен.