20 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы медициналық мақсатта қолдануға арналған дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялар тізбесі туралы ұсынымды бекітті. Ол құжатта аталған дәрі-дәрмектердің өндірісін Еуразиялық экономикалық одақта 2024 жылға дейін қамтамасыз ету ұсынылады.
"Бүгінгі қатаң экономикалық жағдайды ескере отырып, бұл тізім одақтың дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі қадам болады деген ойдамыз", - деді ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Аталған құжат комиссияның өнеркәсіптік блогы мен Одақ елдерінің уәкілетті ведомстволарымен бірлесе отырып әзірленді. Бұл ЕАЭО елдерін стратегиялық маңызды дәрі-дәрмектермен, фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында дайындалған.
"Аталған тізбені қалыптастырудан бөлек, Жоспар вакциналардың бірлескен өндірісін ұйымдастыруды пысықтау, дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық субстанциялар өндірісі саласындағы кооперациялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдануды пысықтау секілді сұрақтарды да қамтиды", - делінген хабарламада.