ЕАЭО аумағында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келісім мақұлданды

1020

Келісім тұтынушыларға сапалы өнімді тұтынуға мүмкіндік береді.

ЕАЭО аумағында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келісім мақұлданды

Мәжілістің жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аумағында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келісім мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Отырыста "Техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнімнің айналысы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітетін келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.

"Құжаттың негізгі бағыты – одақ аумағында айналыстағы барлық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біріншіден, бұл одақ деңгейінде өнімге қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбесі енгізілмеген өнімдер. Екіншіден, ол одақтың бірыңғай техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген өнімдеріне қатысты", - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда айналысқа шығарылатын өнімнің 85%-ы ЕАЭО-ның бірыңғай техникалық регламенттерімен реттелген. 

"Ал осы келісім одақ нарығында қалған өнім көлімінің 15%-ын реттейді. Біз тауарлар номенклатурасына талдау жасадық. Негізінен бұл қауіп төндірмейтін өнімдер. Мысалы, зергерлік бұйымдар, сағаттар, тұрмыстық щеткалар және тағы басқа", - деді министр.

Бақыт Сұлтанов келісім кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді тудырмайтынын атап өтті.

"Өнім туралы мәліметтерді ақпараттық базада жинақтау көзделеді. База тұтынушылар үшін қолжетімді және пайдалануға ашық болады. Бұл жаңа өнім түрлерінің пайда болуына ықпал етіп, тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол заң жобасы аясында "тауарды таңбалау" түсінігі жаңа мәнге болатынын атап өтті.

"Ұлттық заңнамада тауарларды таңбалау (маркировка) туралы 2 түсінік бар. Біріншісі, тауарларды таңбалау өнімдерді бақылау үшін керек... Екіншіден, осы келісімде "тауарларды таңбалау" яғни өнімге қатысты ақпарат беру түсінігі енгізіледі. Яғни бұл тұтынушы тауардың құрамы, оны қалай пайдалану керегі мәліметті алуға қатысты", - деп түйіндеді сөзін министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу