ЕАЭО аумағында тоңазытқыштар мен мұздатқыштар айналымы бақылауға алынады

698

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында тоңазытқыштар мен мұздатқыштар айналымы бақылауға алынады, деп хабарлайды Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті.  

ЕАЭО аумағында тоңазытқыштар мен мұздатқыштар айналымы бақылауға алынады

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында 2023 жылғы 31 наурызды аяқтау мерзімімен қадағалап отыру тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылатынын хабарлады.

Пилоттық жоба шеңберінде қадағалау жүзеге асырылатын тауарлар тізбесіне Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 11 коды (тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар) енгізілді.

Сонымен қатар 2022 жылғы 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында іс жүзінде болатын қадағалауға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымымен байланысты операциялар туралы мәліметтер пилоттық жобаны іске асыру басталған күннен бастап бір ай ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйісіне енгізілуге жатады.

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде мұндай мәліметтер болмаған кезде бір мүше мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа екінші мүше мемлекеттің аумағына өткізуге жол берілмейді.

"Жоғарыда көрсетілген тауарлар тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы №2 шешімімен бекітілген. Бұл шешіммен мына сілтеме бойынша танысуға болады​", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу