ЕАЭО аясында тауар тасымалдаушылар ілеспе құжаттарды үйден-ақ ресімдей алады

854

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба 2020 жылғы 1 қарашадан бастап іске қосылады деп жоспарлануда.  

ЕАЭО аясында тауар тасымалдаушылар ілеспе құжаттарды үйден-ақ ресімдей алады

Осылайша, жаңа жұмыс жүйесі бойынша ТІЖ ресімдеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ЕАЭО елдерімен өткенге дейін қажет. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарланды.

Сондай-ақ пилоттық жоба шеңберінде ЕАЭО елдерімен өзара саудада экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде ТІЖ ресімдеу көзделген.

Комитетте атап өткендей, ресімделген ТІЖ-нің болуы автомобиль өткізу пункттерінде тауарға ілеспе құжаттарды сканерлеу қажеттілігін болдырмайды, бұл ЕАЭО елдерімен мемлекеттік шекарадан өту процесін жеделдетеді.

Жалпы пилоттық жоба 2021 жылғы 1 наурыздан бастап ТІЖ міндетті енгізуге "жұмсақ" көшу үшін жүзеге асырылатын болады. Пилотты жүргізу кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.

Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және сатып алушылармен және жеткізушілермен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.

ТІЖ ресімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болатын ЭЦҚ көмегімен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісімге қол қою арқылы ЭШФ АЖ-да тіркелу қажет. ЭШФ АЖ-да тіркелу және жұмыс істеу тегін жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдерімен өзара саудада сыртқы экономикалық қызметтің барлық  қатысушыларын кейіннен ТІЖ міндетті ресімдеуге біртіндеп көшу үшін пилоттық жобаға қатысу бойынша дайындық іс-шараларын өткізуге шақырады.

Сондай-ақ пилоттық жоба акцизделетін тауарларды өткізу және Дүниежүзілік сауда ұйымының алып қою тізбесіндегі тауарларды (Тауарлардың осы тізбесімен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімінде танысуға болады) және электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма модулі арқылы жазып берілетін тауарларды (тауарлардың осы тізбесімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығыда танысуға болады) өткізу кезінде ТІЖ ресімдеуді көздейтінін назарыңызға жеткіземіз, дейді комитет мамандары.

ТІЖ – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) электрондық нысанда ресімделетін тауарға ілеспе құжат. ТІЖ ресімдеу және ресімдеу тәртібін сақтау жөніндегі нормалар Салық кодексінің 176-бабында айқындалған..

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу