Мемлекет басшысы: ЕАЭО аясында трансшекаралық көлік байланысын дамыту қажет

888

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында трансшекаралық көлік байланысын дамытуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Мемлекет басшысы: ЕАЭО аясында трансшекаралық көлік байланысын дамыту қажет

"Трансшекаралық көлік артериялары мен логистикалық хабтардың әлеуетін дамыту маңызды. Еуразиялық экономикалық одақтың "Белдеу және жол" бастамасымен ұштасуы және заманауи логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру одақтың әлемдегі тауар ағынына экономикалық әсерін едәуір күшейтеді", – деді Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев одақтағы елдер инфрақұрылымдық және көлік жобаларының пакетін қалыптастырғанын атап өтті. Оның пікірінше, жобаларды жүзеге асыруды тездетіп қанай қоймай, трансшекаралық тауар ағындарына қызмет көрсету үшін баға жағдайына тартымды тариф құру да маңызды.

"Сондықтан көлік ведомстволарын неғұрлым тығыз ынтымақтастыққа шақырамын. Сондай-ақ комиссия барлық мемлекетпен бірлесіп көлік дәліздеріне, тосқауылдарға, кешенді шолу жасап, оларды жою жөнінде нақты шаралар ұсына алады деп санаймын", – деді Президент.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу