ЕАЭО азаматтары үшін пойыздарға бірыңғай билет енгізілуі мүмкін

46

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ хабарлады.  

ЕАЭО азаматтары үшін пойыздарға бірыңғай билет енгізілуі мүмкін Фото: ҚТЖ

Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден келген жолаушылар үшін рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған ұсыныстар мақұлданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жақын арада шекарадан өту кезінде тексеру мен бақылау санын азайту, сондай-ақ бірыңғай электрондық билеттерді, онлайн тіркеу жүйесін және жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуді енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

ҚТЖ бұл шаралар ЕАЭО елдері арасындағы теміржол сапарларын неғұрлым ыңғайлы және жылдам етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетейік, ЕАЭО құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу