Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісімге қол қояды, деп хабарлайды Inbusiness.kz РФ Премьер-министрі Михаил Мишустиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Бүгін кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісімге қол қоямыз. Одаққа мүше бес елдің азаматтары қарыз алуға өтініш берген кезде тең мүмкіндіктерге ие болады", – деді Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы барысында.
Оның айтуынша, енді ЕАЭО-ға мүше елдердің банктері өз клиентінің тарихын оның қай елдің азаматы екеніне қарамай тексере алады.
ЕАЭО құрамына Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан кіреді.
Табиғат Нұрболат