ЕАЭО цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

773

Іс-шараны "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономикалық интеграциялау департаменті ұйымдастырды.

ЕАЭО цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі базасында Қазақстан ІТ-қоғамдастығы, бизнес, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ өкілдерінің қатысуымен ЕАЭО цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Іс-шараны "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономикалық интеграциялау департаменті ұйымдастырды.

Спикерлер ЕАЭО цифрлық күн тәртібі шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, соның ішінде Цифрлық көлік дәліздері ("Транстелеком" АҚ), ЕАЭО цифрлық сауда экожүйесін қалыптастыру (Цифрлық Қазақстан қауымдастығы), қазақстандық блокчейнді әзірлеу ("BlockchainKZ"  Блокчейн технологиясын әзірлеушілер және пайдаланушылар қауымдастығы) ақпаратпен бөлісті.

 Ұлттық кәсіпкрелер палатасының өкілдері жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылдау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға цифрлық бастамаларды ұсынудың қолданыстағы процедуралары туралы айтып берді. Аталған кездесуді ұйымдастыру арқылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес үшін маңызды мәселелерді шешуді жоспарлады. Бірінші кезекте отандық ІТ-қоғамдастықты ақпараттандыру және оларды ЕАЭО аясындағы бастамалар мен жобаларды қараудың бастапқы кезеңіне тарту. Екіншіден, бизнес-қоғамдастықтың ЕАЭО-да іске асыру мүмкіндігі үшін бастамалар мен дайын IT-шешімдерді ұсынудағы жұмысын жандандыру көзделген.

 Өз кезегінде жиын қатысушылары спикерлерге сұрақтарын қойып, түйткілді мәселелерді атады. Бизнес өкілдерінің пікірінше, ЕАЭО цифрлық күн тәртібі жайында ақпараттың аздығы негізгі мәселе болып отыр. ІТ-компаниялардың қазақстандық қауымдастығы, өз кезегінде Қазақстан Республикасы үкіметінің жанынан Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері бойынша, соның ішінде ЕАЭО Сандық күн тәртібін бойынша бірыңғай жұмыс алаңын құруды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу