ЕАЭО-да бір жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көлемі 9,4%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz.
2022 жылы ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға артты. Өсім одаққа мүше барлық мемлекетте байқалған.
"Сектордағы оң динамика негізгі дақылдар түсімінің ұлғаюымен байланысты. Әсіресе, дәнді және бұршақты дақылдар өнімділігінің артуы есебінде қамтамасыз етілген", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, өткен жылы ЕАЭО-да мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің: союға арналған мал мен құс (тірі салмақта) өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда – 2,1%-ға, сүт өндірісі – 1,7%-ға, жұмыртқа өндірісі – 2,6%-ға артқан.