ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы тауарлары 3,4%-ға арзандады - ЕЭК

Бағаның ең көп төмендеуі Арменияда мен Беларусьте тіркелді. 

ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы тауарлары 3,4%-ға арзандады - ЕЭК Фото: inbusiness.kz

ЕАЭО өндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы шілдеде 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,4%-ға арзандады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы 7,2%-ға, мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы 1%-ға төмендеді.

Шілдеде желтоқсанмен салыстырғанда өндірушілер бағасының төмендеуі Арменияда (22,7%-ға), Беларусьте (7,8%-ға), Қазақстанда (4,7%-ға) және Ресейде (2,7%-ға) байқалды. Бұл ретте Қырғызстанда баға 2,7%-ға өсті.

Шілдеде маусыммен салыстырғанда бағалар 0,1%-ға өсті, жылдық мәнде – 5,1%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу