ЕАЭО-да азық-түлік өнімдері бағасының ең көп өсімі қай елдерде тіркелді?

521

Қазақстан мен Қырғызстан бұл санатта көшбасшы атанды. 

ЕАЭО-да азық-түлік өнімдері бағасының ең көп өсімі қай елдерде тіркелді? Фото: Inbusiness.kz

Еуразиялық экономикалық одақ бойынша тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қыркүйекте тамыз айымен салыстырғанда 100,8% болды. Ал өткен жылдың желтоқсанына қарағанда – 104,8%, 2022 жылғы қыркүйекке қарағанда 106,5%-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда ЕАЭО бойынша ақылы қызметтер бағасының айтарлықтай өсуі байқалып отыр: 9,7%. Бұл кезеңде азық-түлік тауарлары 5,4%-ға, азық-түлік емес тауарлары 5,3%-ға қымбаттады.

ЕАЭО-ға қарағанда азық-түлік тауарлары бағасының жоғары өсуі Қазақстанда (11,4%) және Қырғызстанда (7,6%) тіркелді.

Азық-түлік емес тауарлары бағасының ең көп өсімі Қырғызстанда (14,5%) және Қазақстанда (12,1%), ақылы қызметтерге – Қазақстанда (11,9%) байқалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу