ЕАЭО-да есеп саласындағы қызметтердің бірыңғай нарығы құрылады

1096

ЕАЭО-да есеп саласындағы қызметтердің бірыңғай нарығы құрылады

Еуразиялық экономикалық одақ қызметтерінің бірыңғай нарығына аудит, есеп беру және бухгалтерлік есеп қосылады. Бұл туралы БЕЛТА-ға сілтеме жасап, "ҚазАқпарат" хабарлайды.

ЕЭК Кеңесінің отырысында аудит, есеп беру және бухгалтерлік есеп саласындағы қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру бойынша ырықтандыру жоспарларының жобаларын мақұлдады және Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың оларды бекіту туралы өкім жобасы мақұлданды.

Аудит саласындағы ырықтандыру жоспарының негізгі шараларының бірі ЕАЭО аудиторлық қызмет туралы келісім жобасын құру болып табылады. Құжат аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыруға бағытталған және одақтағы кез келген мемлекеттің тұлғаларына еш шектеусіз аудиторлық қызметтерді алу және жеткізу құқығын беруді қарастырады.

Одан бөлек, аудиторлардың біліктілік аттестаттарын ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер аумағында тану және Одақтың бір мемлекетіндегі аудиторлық ұйым берген аудиторлық тұжырымдардың (есептер) одаққа мүше екінші мемлекет аумағында танылуы туралы сөз болды.

"Келісім жобасы жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Олар 2017 жылы аяқталады, – деп атап өтті ЕАЭК-те.

Сонымен бірге, жоспар одақ елдеріндегі аудиторлық қызметті реттейтін органдардың өзара тиімді әрекетін ұйымдастыруға бағытталған нормативті-құқықтық актілерді құруды және аудиттің халықаралық стандарттарына шығуды қарастыруда. Ырықтандыру жоспарының жобасына сәйкес,  Одақтың аудиторлық қызметтерінің бірыңғай нарығы 2022 жылдың 1 қаңтарында өз жұмысын бастайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу