ЕАЭО-да Еуразиялық электронды еңбек биржасы құрылады

2338

Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру туралы бастама көтерген болатын.

ЕАЭО-да Еуразиялық электронды еңбек биржасы құрылады

2019 жылдың соңына дейін "ЕАЭО мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйелік моделін әзірлеу" жобасын бастауға арналған құжаттар пакетін дайындау жоспарлануда, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоғарыда аталған электрондық биржалар еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын дамытуға және Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттерінің азаматтарын жұмысқа орналастыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Электрондық құжаттаманы енгізу қажеттілігі жұмыс берушілерді еңбек заңнамасының талаптарын орындауға итермелеп, жұмысшылардың құқықтары мен еңбек көші-қонының сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы қаңтарда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру туралы бастама көтерген болатын. ЕАЭО мүше мемлекеттерінің Үкімет басшылары электрондық еңбек биржасының жобасын әзірлеуге келісті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу