ҚР президентінің жанындағы Шетел инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов қазақстандық соттар тектоникалық өзгерістердің алдында тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Сотқа сенім жоқ жерге ешкім де инвестиция салмайды. Біз мойындаймыз - біздің соттар мінсіз емес. Соттардың тәуелді екені туралы, жемқорлыққа орын берілетіні туралы пайымдар бар. Бірақ, бұл ретте біз ешқандай да бірегей емеспіз. Бұндай мәселе экономикасы дамып келе жатқан барлық мемлекетте де бар. Алайда Қазақстанды өзге мемлекеттерден не ерекшелендіріп тұр? Біздің президент инвестициялық әділ сотты енгізді. Сарапшылар мұндай еш жерде жоқ деген пікірін айтып жатыр. Оның маңызы неде? Пікірталастар тек елордада шешіледі. Шығын аз, шешімдер тез атқарылады. Ең бастысы - аймақтық биліктердің араласуына жол берілмейді", - дейді ол.
Жақып Асановтың айтуынша, 2018 жылы қаралған 40 істің 74 пайызы инвесторлардың шағымы болған. Артынша, құны 62 млн АҚШ доллар болатын істердің 38 пайызы инвесторлардың пайдасына шешілген.
"Біздің шешімдер сот әрдайым мемлекетті қолдайды деген таптаурын түсінікті жоққа шығарады. Мемлекеттік органдар өздерінің қателіктерін соттардың қолымен шешпеуі керек. Міне, сондықтан біз бүгін не атқарып жатырмыз? Біріншіден, әлемдік тәжірибеде даудың 25 пайызы өзара келісіммен шешіледі. Біз де осы ретте медиацияны енгіздік. Екіншіден, ЕАЭО-да инвест-дауларға қатысты істерде ұлттық соттардың рөлі артып келеді. Бұл да біздің жолымыз. Халықаралық кеңестің, АХҚО сотының ең үздік тәжірибелерін өзімізге сіңіріп, халықаралық қағидаттар мен стандарттарды енгізудеміз", - деді ол.