ЕАЭО аумағында кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын шарт ратификацияланды

894

Заң Одақ аумағында инвестициялық ахуалды жақсартуға жол ашады.

ЕАЭО аумағында кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын шарт ратификацияланды Фото: primeminister.kz

Сенат "Еуразиялық Экономикалық одақтың (ЕАЭО) тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі

Құжат тауар белгілерін тіркеудің бірыңғай тетігін енгізу арқылы ЕАЭО-да құқықтық қорғауды күшейтуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.

"Заң жобасының мақсаты – тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атаулары тіркеу мен қорғаудың өңірлік жүйесін құру. Көрсетілген объектілерді тіркеудің өңірлік жүйесін тіркеу ЕАЭО туралы шартта көзделген. Бұл жүйе бір қорғау құжатын 5 мемлекеттің аумағында бір уақытта алуға жол ашады", - деді әділет министрі Марат Бекетаев.

Оның пікірінше, шартты ратификациялау ұлттық тауар белгілері иелерінің құқығын шектемейді. 

"Келісім Еуразиялық нарыққа бағдарланған отандық тауар өндірушілерді құқығын қорғауды арттыруға мүмкіндік береді", деді ведомство басшысы.

Сенат заң жобасын қабылдады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу