ЕАЭО-да қос азаматтықты енгізуді ұсынып отыр

695

ЕАЭО-да қос азаматтықты енгізуді ұсынып отыр

РФ Мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына тағы бір ортақ азаматтықты беруді ұсынып отыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Одақтас елдердің азаматтарында екінші азаматтық болуы керек деп санаймын. Осыны ылғи айтып отырамын. Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтың азаматтары үшін де қос азаматтықты енгізуге болады. Ондай тәжірибе Еуропа одағында бар. Алайда аталған бастамаға біздің ішкі келіспеушіліктеріміз ғана емес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жеке ұстанымы да кедергі болып отыр. Мәселен, Арменияда ондай ұсынысты қолдайтын сияқты. Ал Белоруссия мен Қазақстан оны қалап отырған жоқ", - деді Затулин журналистерге берген сұxбатында.

Айта кетейік, бүгінде Еуразиялық экономикалық одағына бес мемлекет кіреді. Олар - Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Армения.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу