ЕАЭО-да медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымы қағидаттарына қатысты хаттамалар ратификацияланды

Мәжіліс депутаттары бірқатар ратификациялық заң жобасын мақұлдап, жұмысқа қабылдады.  

ЕАЭО-да медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымы қағидаттарына қатысты хаттамалар ратификацияланды Фото: atameken.kz

Мәжілістің жалпы отырысында ЕАЭО шеңберінде медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымының бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамалар ратификацияланды, деп жазады inbusiness.kz.

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № 879 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Заң жобасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үкіметтерінің өкілдері 2022 жылғы 10 маусымда қол қойған 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға арналған.

Хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді медициналық бұйымдарды ұлттық тіркеу режимін ұзарту жолымен тіркелген медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Атап айтқанда, мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес медициналық бұйымды сараптау немесе тіркеу туралы өтініш беру мерзімі 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады.

Хаттама қол қойылған күнінен бастап қолданылады және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) және 5) тармақшаларына және 27-бабына сәйкес ратификациялауға жатады.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Мәжілістің барлық комитеті заң жобасына оң қорытындылар берді.

Жұмыс тобының 1 отырысы және Комитеттің 1 кеңейтілген отырысы өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу