ЕАЭО-да сәлемдемені бажсыз әкелу шегі 1 мың еуроға көтерілді

1158

Бұл одақта тауарлар тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.

ЕАЭО-да сәлемдемені бажсыз әкелу шегі 1 мың еуроға көтерілді

Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) жеке тұлғаларға сәлемдемені бажсыз әкелу шегі 1 мың еуроға дейін көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесі жеке тұлғаларға тауарларды бажсыз әкелу шегін тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдерімен тасымалдайтын тауарлар үшін 1 мың еуроға арттыру туралы шешім қабылдады.

"Бажсыз әкелу шегі 2022 жылғы 1 қазанға дейін уақытша ұзартылды. Егер сәлемдеменің құны осы сомадан асып кетсе немесе оның салмағы 31 келіден асса, тапсырыс құнының 15% мөлшерінде (1 келісі 2 еуродан кем емес) баж салығын төлеу қажет", – деп жазылған ЕЭК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл шара шетелдегі интернет-дүкендерден жеке пайдалануға арналған тауарларға тапсырыс беретін азаматтарды қолдауға және тауарлардың тапшылығын болдырмауды көздейді.

Бүгінде жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің бажсыз шегі – 200 еуро.

Шешім 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу