ЕАЭО-да тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық бітемелер қолданылады

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 

ЕАЭО-да тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық бітемелер қолданылады  Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы келісімнің мақсаты – мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тауарларды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде заманауи техникалық және технологиялық шешімдерді қолдану, қолданылатын кедендік және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлерін қысқарту, тауарларды жеткізбеу фактілерін жою және тауарлар маршрутта болған кезде әртүрлі форс-мажорлық жағдайларға уақтылы әрекет ету.

Айта кетейік, ЕАЭО аумағында Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында экономика, көлік, кедендік және салықтық реттеу саласындағы бес мемлекеттің сарапшылары навигациялық пломбаларды пайдалану, осы мемлекеттердің бизнес өкілдерінің қатысуымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттердің ұлттық заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтық базаны әзірлеу, үйлестіру және қабылдау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде әрбір нақты тасымалдауды қадағалауды жүзеге асыратын ұлттық операторлар айқындалған. Сондай-ақ, навигациялық пломбаны қолдану ақылы болады.

Қазақстан Республикасында навигациялық пломбаның және қадағалау қызметтеріне тарифтердің жоғары құнын болдырмау мақсатында мемлекет қадағалау операторын – "Ғарыш техникасы және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (акциялардың 100%-ы ҚР ЦДИАӨМ тиесілі) айқындады, ол әрбір нақты тасымалдауды қадағалау бойынша барлық іс-қимылдарды жүзеге асыратын болады.

Навигациялық пломбаларды қолдану кедендік бақылаудан өтуді жеделдетуге, тауардың жолда болу уақытын қысқартуға, тауар иесіне тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көлік құралының қозғалысын өзі бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, навигациялық пломбаларды ілуді бастау қадағалау тетігін қамтамасыз ететін барлық ұйымдастырушылық-техникалық шаралар дайындалғаннан кейін жоспарланатын болады. Енгізу мерзімі туралы қосымша хабарланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу