ЕАЭО-да тауар тасымалдау үшін навигациялық пломбалар қолданылады

583

Бұл туралы inbusiness.kz Сауда және интеграция м инистрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ЕАЭО-да тауар тасымалдау үшін навигациялық пломбалар қолданылады Фото: baq.kz

2023 жылғы 3 сәуірде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары өткен жылы 19 сәуірде Мәскеуде қол қойған ЕАЭО-да тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім күшіне енді.

Келісімде навигациялық пломбаларды қолдану жағдайлары мен тәртібі, қадағалау объектілері, тауарларды тасымалдауды қадағалауға қатысушылар, ұлттық операторлар мен бақылаушы органдардың ақпараттық өзара іс-қимылының негіздері айқындалған.

"Келісімді іске асыру халықаралық тасымалдардың ашықтығын қамтамасыз етуге және "жалған транзит" пен "жалған импортты" алып тастауға, сондай-ақ ЕАЭО аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты мемлекеттік бақылау шараларын қолдануды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Бизнес үшін осы Келісімнің артықшылықтары ЕАЭО аумағында өз тауарларын "жіксіз" транзиттеу, ЕАЭО бақылаушы органдары тарапынан бақылаудың қосымша нысандары мен шараларын алып тастау мүмкіндігінде жатыр", делінген хабарламада.

Яғни, егер пломба салынса, онда тауарды ЕАЭО- ға мүше әрбір мемлекетте, ал кейбір жағдайларда бір бағдар бойынша бірнеше рет тексеру қажет болмайды. Мұндай жағдайлар уақыт пен қаржылық шығындарды айтарлықтай төмендетеді және тұтастай алғанда бизнес үшін қосымша әкімшілік кедергілерді жоюға ықпал етеді.

Тасымалдауға қатысушыларды бейімдеу мақсатында Келісімде олар тасымалданатын тауарлардың санаттары мен көлік түрлерін ескере отырып, қадағалауды кезең-кезеңімен енгізу көзделген.

Мысалы, бірінші кезеңде автокөлікпен және темір жол көлігімен тасымалданатын санкциялық, акцизделетін тауарлар (алкоголь және темекі), сондай-ақ автокөлікпен тасымалданатын халық тұтынатын тауарлар бақылауға жатады.

Екінші кезеңде кедендік транзит шеңберінде автокөлікпен тасымалданатын барлық тауарлар, сондай-ақ теміржол көлігімен тасымалданатын халық тұтынатын тауарлар қадағаланатын болады.

Соңғы үшінші кезеңге темір жол көлігімен кедендік транзит шеңберінде тасымалданатын барлық тауарлар жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу