ЕАЭО-да тауарларды бажсыз әкелудің шегі артты

833

Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің шегі 1 мың еуроға дейін артты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ЕАЭО-да тауарларды бажсыз әкелудің шегі артты

Еуразиялық экономикалық комиссия баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕЭК кеңесі кедендік баж бен салықты төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресейге бажсыз әкелудің құндық шегін 1 мың еуроға дейін өсіріп, жүктің салмағын 31 келіге дейін арттырды.

"Мұнда мәселе алып жүретін немесе алып жүрмейтін жүкті әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрімен әкелу немесе оны жаяу алып жүруге байланысты", – деп жазылған хабарламада.

Егер жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны көрсетілген нормадан асса, сіз 30% мөлшерінде, бірақ 1 келі үшін кемінде 4 еуро төлеуіңіз керек.

Осыған дейін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің шегі 500 еуро және 25 келі болған.

"Одаққа мүше елдер мен комиссия сарапшыларының пікірінше, қабылданған шара санкциялық қысым жағдайында азаматтарды қолдауға және қажет тауарлар мен импорт тауарларының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл уақытша қабылданған шешім: 2022 жылғы 1 қазанға дейін әрекет етеді. ЕЭК кеңесінің шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кейін өзгеріс күшіне енеді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу