ЕАЭО-да тоңазытқыштар мен мұздатқыштар айналымы қадағаланады

934

Биыл 1 шілдеден 2023 жылғы 31 наурызға дейін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО)  аумағында пилот жоба іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ЕАЭО-да тоңазытқыштар мен мұздатқыштар айналымы қадағаланады

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, пилот жоба аясында қадағалау жүзеге асырылатын тауарлар тізбесіне сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 11 коды (тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар) енгізілген. 

"2022 жылғы 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қадағалауға жататын тауарлар және бұл тауарлардың айналымымен байланысты операция туралы мәліметтер пилот жобаны іске асырған күннен бастап 1 айда электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйісіне енгізілуге тиіс. Ақпараттық жүйеде мұндай мәліметтер болмаған кезде тауар бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мемлекеттің аумағына өткізілмейді", - деп жазылған хабарламада.

Жоғарыда көрсетілген тауарлар тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу