ЕАЭО-да тұқымның ортақ нарығы құрылады

1031

ЕАЭО-да тұқымның ортақ нарығы құрылады

ЕЭК алқасы Еуразиялық экономикалық кеңес аясындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын қолдану келісімінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Құжат Одақта дақылдардың   сұрыптық және  сапалық түрлерін анықтау әдістерін  қолдануды қарастырады, өзге  қатысушы елдер тарапынан келген  сұрыптардың бірыңғай тізбесін құру, тұқымдардың сапасы туралы  құжаттарды өзара  қабылдауды қарастырады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сұрыптар мен тұқым өсіру шаруашылығы саласында заңнаманы үндестіру шараларын қабылдау қарастырылған.

Келісім жобасы Комиссияның кезекті отырысында қаралып, кейін одаққа мүше елдерге  мемлекетішілік үрдістерді жүргізу үшін жолданады.

"Келісімге қол қою  өзара сауда саласында кедергілерді жоюға мүмкіндік беріп, импорт тәуелділігін төмендетіп, сапасы жоғары дақыл мен жаңа сұрыптарды енгізу уақытын қысқартады",  делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу