ЕАЭО-да бір жылда жұмыссыздық деңгейі шамамен 19%-ға төмендеді, деп жазады inbusiness.kz eec.eaeunion.org порталына сілтеме жасап.
"Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2022 жылғы желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша 824,3 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,7%-ға азайды", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, жұмыссыздар саны жұмыс күшінің 0,9%-ын құрайды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,1% болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу