Сараптама бестік ішінде азық-түлік пен қызметтер ақысының қымбаттауы бойынша жүргізілген. Мұнда инфляцияның артыуына пандемия кесірінен шекарадағы тауарлар айналымының кемуі басты себеп деп көрсетіліпті. Яғни, импорт азайып, оны ішкі өніммен алмастыруда қиындықтар туған.
Сонымен, одаққа мүше елдердегі инфляциялық өсім мынандай: бірінші орында – Қырғызстан. Қымбаттау – 9%-дан асқан. Екінші орында 7,5%-бен Қазақстан тұр. Одан кейін Беларусь – 7,4%, Ресейде 4,9%-ға тең. Ал ең төменгі көрсеткіш Арменияға тиесілі, инфляция 3,7%-ға ғана өскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу