ЕАЭО-дағы өзара және сыртқы сауда 2017 жылдың бірінші жартысында 27%-ға өсті, деп хабарлайды strategy2050.kz
Еуразиялық экономикалық одақтағы өзара және сыртқы сауданың артуы ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында түгелдей байқалып отыр, бұл өз кезегінде Одақ елдерінің тұрақты дамып келе жатқанының айқын дәлелі.
Сонымен, 2016 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауда 27,8%-ға (63,5 млрд долл.) артқан. Ал, тауарды экспорттау көлемі 29,6%-ға (41,6 млрд долл.), импорт – 24,9%-ға (21,9 млрд долл.) өскен. Тауарлардың сыртқы саудасы бойынша оң сальдо 2016 жылдың қаңтарындағы 52,1 млрд долл. 2017 жылдың қаңтарындағы 71,8 млрд долларға дейін көбейген.
ЕЭК хабарлағандай, ЕАЭО елдерінің үшінші елдермен сауда айналымы 2017 жылдың бірніш жарты жылдығында 292,2 млрд долл. құрады, оның ішінде экспорт – 182 млрд долл., импорт – 110,2 млрд долл. болды.
Ал, ЕАЭО-ның ішкі сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында 25,1 млрд. долл. құрады.