ЕАЭО-дан бюджетке түсетін баждар 5,8 процент төмендеген

927

Пандемия мен дағдарыс мұнайдан түсетін баж салығын 51 процентке азайтты.

ЕАЭО-дан бюджетке түсетін баждар 5,8 процент төмендеген

2020 жыл Қазақстан экономикасының өзегі саналатын мұнай индустриясына көптеген кедергі келтіріп, саладан түсетін салық кірістерін 50 процентке дейін түсіріп жіберген. Пандемия Еуразиялық экономикалық одақтағы алыс-берістен түсетін кіріс мөлшеріне де кері әсер етсе керек. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев осылай деп отыр.

"Салықтар бойынша ішкі тауарларға қосыша құн салығы 11 процент төмендеді. Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 3,5 процент, ЕАЭО-дан қосымша құн салығы 2 процент, еңбекақы төлеу қорының салықтары 5,3 процент өсті. Кедендік төлемдер бойынша ЕАЭО елдерінен бөлінетін баждар 5,8 процент, мұнай және мұнай өнімдеріне салынатын экспорттық баждар 51 процентке, үшінші елдерден қосымша құн салығы 3,7 процетке төмендеді. Экономика секторлары бойынша мұнай және металдар  бағасының төмендеуі есебінен тау-кен өнеркәсібіндегі түсімдер 43 процетке төмендеді. Бұл ретте көлік секторындағы түсімдер 10 процетке, өңдеу өнеркәсібінде 9 процентке, құрылыста 2 процентке және саудада 1,4 процетке өсті", - деді комитет басшысы.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу