ЕАЭО дәрі-дәрмек тіркеу мерзімін 2027 жылдың соңына дейін ұзартты

96

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі дәрілік заттарды ұлттық заңнама бойынша тіркеу мүмкіндігін 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.  

ЕАЭО дәрі-дәрмек тіркеу мерзімін 2027 жылдың соңына дейін ұзартты Фото: gov.kz

ЕАЭО елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялар жаңа препараттарды бұрынғы қағидалар бойынша тіркеуді ЕАЭО-ның бірыңғай талаптарына көшпей-ақ тағы шамамен үш жылға дейін жалғастыра алады, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл шешім бұрын тіркелген дәрілік заттарға енгізілетін өзгерістерге де қатысты: олар да бұрынғы тәртіппен енгізіле береді.

Бұл денсаулық сақтау жүйесінде дәрі-дәрмек тапшылығы, жеткізілімнің үзілуі сияқты қауіптердің алдын алу үшін қажет. Мерзімді ұзарту халықты қажетті препараттармен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзгерістер 2022 жылғы 10 маусымдағы ЕЭК Кеңесінің №96 шешіміне енгізілді. Шешім 24 мамырда күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу