ЕАЭО-де мемлекетаралық дауларды қарайтын арбитраждық сот құрылуы мүмкін

597

Дауларды шешудің тиімді құралдарын қолдануға көмектесетін мемлекетаралық арбитражды құратын уақыт келді. Бұл туралы бірінші Еуразиялық экономикалық форумда Ресей өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының президенті Александр Шохин мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

ЕАЭО-де мемлекетаралық дауларды қарайтын арбитраждық сот құрылуы мүмкін

Оның айтуынша, қазір мұндай институтты Халықаралық арбитраждар одағы аясында құру бастамасы көтеріліп отыр. 

"Дүниежүзілік сауда ұйымының дауларды шешу органдарына америкалық тарап тосқауыл қойды. Сондықтан олар іс жүзінде сауда дауларын қарастырмайды. Сондықтан дауларды шешудің баламалы тетіктерін іздестірудеміз. Белгілі себептерге байланысты біз қазір Стокгольм арбитражына, Сауда-өнеркәсіп палатасының арбитражына жүгіне алмаймыз, бірақ бізге дауларды шешу тетіктері қажет. Сондықтан біз тәуелсіз арбитраждық орталықтарды құру туралы бастама көтердік", – деді Александр Шохин.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу