ЕАЭО елдері арасында Қазақстан мен Белорусь көш бастап келеді

781

Қазақстанда ЕАЭО-ның ең жоғары бағасы тіркелген.  

ЕАЭО елдері арасында Қазақстан мен Белорусь көш бастап келеді

Қазақстан мен Белоруссия ЕАЭО-да өнеркәсіп өнімдерінің бағасын жоғары көтерді, деп хабарлайды LS.kz сайты. Жалпы экономикалық одақ бойынша осы саладағы баға өсімі 7,1% құрады.

Қазақстанда ЕАЭО-ның ең жоғары бағасы тіркелген. Мәселен 2019 жылдың шілдесінде Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындары өнім бағасын 6%-ға көтерген. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, одақ елдері арасында Белорусь ең  жоғары көрсеткіш яғни, жылына 6,9% болып отыр.

Қырғызстанда өнеркәсіп өнімдеріне жылдық баға өсімі 5,8%, ал Ресейде 1,1%-ды құрады. Керісінше соңғы бір жылдың ішінде Арменияда баға өсімі 0,7%- ға арзандаған.

Жалпы, экономикалық одаққа мүше елдердің өнеркәсіп бағаларының жиынтық өсімі 1,7%-ды құрады. Ал Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі секторлар бөлінісінде өнімнің бағасы бір жылда 7,5%, ал Беларусь елі  7,7% өскен.

Сонымен қатар, Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде өсім 6,4% болса,  Беларусь тағы да 7,9% өсіммен көш бастап келеді. Алайда, электрмен жабдықтау, газ беру және кондиционерлеу саласында қазақстандық өнеркәсіп игерлері бағаны бір жылда 7,9%-ға төмендетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу