ЕАЭО елдері ауыр жүк көліктерінің жол жүруін жеңілдетеді

147

Қабылданған жоспар 5 негізгі бағытты жүзеге асырады.  

ЕАЭО елдері ауыр жүк көліктерінің жол жүруін жеңілдетеді Фото: gov.kz

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер еуразиялықкөлік дәліздері мен бағыттары тізбесіне енгізілген автомобиль жолдары бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде ауыр салмақты және ірігабаритті көліктердің жүруіне арнайы рұқсаттарды тіркеу және беру тәртібінжеңілдету бойынша бірлескен жұмысты бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты inform.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 2024 жылы 29 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында Еуразия көлік дәліздері бойынша ауыр салмақты және ірі габаритті көліктердің жүруіне арнайы рұқсаттарды тіркеу және беру рәсімдерін үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген (ЕЭК Алқасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 214 бұйрығы).

Қабылданған жоспар 5 негізгі бағытты жүзеге асыруды көздейді:

  • арнайы рұқсаттарды берудің мүмкін болатын ең жоғары келісілген мерзімінанықтау;
  • алдын ала өтініш (жоспарланған сапардың басталукүніне дейін) берудің мүмкін болатын ең жоғары келісілген мерзімін анықтау;
  • арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін анықтау;
  • үлгі өтініш формасын анықтау;
  • арнайы рұқсат алу үшін ұсынылатын мәліметтер мен құжаттардың ең аз тізбесіне қойылатын талаптардың жақындасуы.

– Аталған іс-шараларды жүзеге асыру арнайы рұқсаттарды алуүдерісін жеңілдету және жеделдету, оны ашық, болжамды және халықаралық тасымалдауға қатысушылар үшін ыңғайлы етуге бағытталған. Осылайша, тіркеудің нақты мерзімдерін белгілеу ЕАЭО елдерінің тасымалдаушыларына бағыттарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді және ұзақ күтпейді. Міндетті ақпараттың ең аз көлемімен өтініштің жеңілдетілген форматы әкімшілік жүктемені азайтады және құжаттарды жедел тапсыруға ықпал етеді, – делінген Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Мысалы, бүгінгі таңда тараптар арнайы рұқсаттарды берудің келесі мерзімдері туралы келісті:

  1. маршрутты келісу қажеттілігі болмаса – жұмыс уақытының 24 сағаты ішінде;
  2. маршрутты келісу қажет болған жағдайда – 10 жұмыс күні ішінде;
  3. төтенше жағдай кезінде – 3 сағат ішінде.

Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімі 135 күнтізбелік күннен аспайды. 

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және оның нәтижелері бойынша ЕЭК Алқасының тиісті ұсынымдары қабылданады.

Тұтастай алғанда, қабылданған шешімдер бизнесті қолдауға, халықаралық тасымалдау процедураларын жеңілдетуге және ЕАЭО елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін ЕАЭО-ның бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру жолындағы тағы бір қадамы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу