ЕАЭО елдері Азия мен Еуропаға ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдау жобасын іске қосады

983

Бұл туралы ЕЭК кеңесінің отырысында айтылды.

ЕАЭО елдері Азия мен Еуропаға ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдау жобасын іске қосады

ЕАЭО елдері ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін Азия мен Еуропаға жеделдетілген тасымалдау бойынша Eurasian Agroexpress жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ЕЭК кеңесінің отырысында айтылды, деп жазды inbusiness.kz. 

Ресей үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша жоба тұрақты өзара жеткізу мен экспортты дамытуға бағытталған. 

Ресей Федерациясы қазіргі уақытта Әзірбайжан және Өзбекстан елдерімен азық-түлік өнімдерін жедел жеткізу бойынша логистикалық жобаны жүзеге асыруда. Азия мен Еуропаға бағытталған жоба осының негізінде болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу