ЕАЭО елдері мал тұқымын түрлендіруді ортақ стандартпен іске асырмақ

964

Малдың жаңа асыл тұқымын айналымға шығару үшін ЕАЭО мақұлдауы керек.

ЕАЭО елдері мал тұқымын түрлендіруді ортақ стандартпен іске асырмақ

Сенат депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарлары мен селекциялық асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Құжатты депуттарға таныстырған Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде асыл тұқымдық өнім өндіру саласындағы бірыңғай талаптар қолданылатынын ескертті. Олар:
1. Асыл тұқымды жануарлардың тұқымын анықтау тәртібі. Бұл ретте жаңа тұқым шығаруда туыстас тұқымдар тізбесі келісіледі. 
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларының шығарылған жаңа типтерін, желілері (тұқымдары) мен кростарын байқаудан өткізу тәртібі. Жаңа тұқым шығарудағы жұмыстарды біркелкілік ету қамтамасыз етіледі.
3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымды өніміне молекулалық генетикалық сараптама жүргізу ережесі. ДНК зерттеулерін жүргізу біріздендіріледі.
4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүргізілетін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру және талдамалық қамтамасыз ету тәртібі (асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы үйлесімділік және талдамалық қамтамасыз ету реттелінеді.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер  арасында және үшінші елдерден әкелу кезінде алмастыруға жататын асыл тұқымды жануарлар мен селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер құрамы.  
6. Жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемелері.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті берген ғылыми құқықтық сараптама қорытындысына сәйкес Келісім заңды, уақытына сай және негізделген халықаралық құжат болып табылады және адам құқықтары мен бостандығын және Қазақстан Республикасының егеменді құқықтарын бұзбайды. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басқалары, яғни Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы өздерінің ішкі мемлекеттік іс-шараларын жүргізіп қойды, яғни Келісімді ратификациялау бойынша тиісті заңдарды қабылдап қойды", - деді Сапархан Омаров.

Министрі одақ аясындағы жаңа талаптар бойынша әр генетикалық зерттеуге қанша қаражат кететінін де нақтылады. 

"Асыл тұқымды селекциялырды жүргізуге арналған ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін техникалық жабдықтарға жыл сайын бұл мақсатқа шамамаен 3 млрд теңге бөлініп келген болатын. Сондықтан техникалық база дайын. Бұл жұмыс 4 бірдей мемлекеттік ұйым, 1 жеке меншік мекеме  жүргізеді. Бір генетикалық зерттеу жүргізу үшін 10-15 мың теңге қажет болады. Бұл шығын ауылшаруашылық тауар өндірушілердің өз қаражаты есебінен өтеледі. Бірақ бюджетте әр бағыт бойынша субсидяилау қарастырылған", - деді ол. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу