ЕАЭО елдері өнімдерінің бірқатарына тарифтік жеңілдік бекітілді

890

Оған сәйкес, 2020 жылы Қазақстанға арнайы квотамен кірігізілетін ірі қара мал еті 21 мың тонна, ал құс еті 140 мың тоннадан аспауға тиіс. 

ЕАЭО елдері өнімдерінің бірқатарына тарифтік жеңілдік бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия одақтас 5 мемлекеттің ауыл шаруашылық өнімдерінің бірқатарына тарифтік жеңілдік бекітті, деп хабарлайды Atameken Business.

Оған сәйкес, 2020 жылы Қазақстанға арнайы квотамен кірігізілетін ірі қара мал еті 21 мың тонна, ал құс еті 140 мың тоннадан аспауға тиіс. Ал Ресей үшін 570 мың мен 364 мың тонна шеңберінде көрсеткіш қойылған. Беларусьтің 20 мың тонна мал еті мен 10 мың тонна құс етін алуға мүмкіндігі бар. Бұл күрке тауықтың өніміне тікелей қатысты. Ең аз тарифтік жеңілдік Қырғызстан үшін қойылған. Мұнда ірі қара мал еті 5 мың тонна, ал құс еті 58 мың тонна, сондай-ақ шошқа еті 3,5 мың шамасында болуы қажет.

Одақ аясында агро өнімдерге берілетін квоталар кедендік баж салығының талаптарына сәйкес қарастырылғаны ескертіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу